11.12.2025
11 желтоқсанда "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Бурабай ауданының мектептері арасында тоғызқұмалақтан аудандық турнир өтті.
Турнирдің жабылуына тоғызқұмалақтан Ақмола облысының бірнеше дүркін чемпионы , Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының алтын жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, тоғызқұмалақтан ұлттық ойыннан спорт шеберіне кандидат Нұрғалиев Нұрамир шақырылды.
Турнирге №7 МЛ, №10 МИ, №2 ЖББМ, №9 МГ, Наурызбай батыр ЖББМ қатысты.
"Арман" орталығының тәрбиеленушілері келесі нәтижелерді көрсетті:
Исмагулова Аделия - 3 орын;
Абзал Айзада - 3 орын;
Кенжебек Мұстафа - 2 орын;
Сәрсенбай Кәусар - 1 орын;
Камиденова Жанель - 3 орын;
Джайбергенова Данара - 3 орын;
Өтелбай Әмір - 2 орын;
Кенжебек Әділет - 1 орын;
Оқушыларымызды құттықтаймыз және одан әрі жоғары нәтижелер тілейміз! 💐🌷🎈
Тоғызқұмалақ секциясының педагогі -Абылкасов Жұматай Базарұлы.