"Арман" БЖШО-да аға тәлімгерлерге арналған семинар өтті 🤍 Біз тәлімгерлердің жұмысына, топтық өзара әрекеттесуге және көшбасшылықты дамытуға қатысты маңызды және өзекті тақырыптарды талқыладық. Семинардың форматы әркімге өзін көрсетуге мүмкіндік берді: аға тәлімгерлер идеяларымен бөлісті және көшбасшылардың қысқы слетін-2026 өткізу үшін өз нұсқаларын ұсынды ️ ️ Семинар аясында жұмыстың негізгі бағыттары қозғалды. "Адал азамат" бағдарламасы бойынша Г.Ө. Шамиганова сөз сөйледі. Тәлімгерлердің жұмысында ЖИ-технологиясын пайдалану тақырыбын А.М. Лазорский қозғады. Газеттің дұрыс және сауатты ресімделуі туралы Л. М. Егембердиева айтып берді. Семинар соңында І жартыжылдықтың қорытындысы шығарылып, А. Б. Ербатыров пен К. А. Байздрахманова атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Кездесу белсенді, танымдық және көңілді — жанды диалогпен, пайдалы ақпаратпен және тамаша атмосферамен өтті.