27 наурыз күні Ақмола облысының Бурабай ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында аудандық дебат турнирі өтті. Іс-шараға прокуратура, ішкі істер органдары және аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.

28.03.2026

Турнирге Бурабай ауданының мектептері мен колледждерінен 15 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша қазақ лигасында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
• 1 орын – №7 мектеп-лицейінің “Элита” командасы.
• 2 орын – №9 мектеп-гимназиясының “Міндет” командасы.
• 3 орын – КММ Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.

Қазақ лигасының үздік спикері – №7 мектеп-лицейінің оқушысы Басқар Жаннұр атанды.

Жеңімпаздар кубокпен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қалған командаларға қатысқаны үшін грамоталар табысталды. Ойындар жоғары деңгейде өтті. Қатысушыларға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!

Просмотров: 38

Пікір қосу

Деректерді қолтаңбаға қосу