Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

02.05.2026

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Балапан тобында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрлерін таныстырып, ұлттық ойындары мен билерін ерекше ықыласпен көрсетті.
Балалардың өнері арқылы достық, татулық және бірлік құндылықтары насихатталды. Мерекелік шара кішкентай бүлдіршіндердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, өзге ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиеледі.
Тәрбиеші Арман Досмагамбетов ұйымдастырған бұл тағылымды шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырды.

Просмотров: 27


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу