Текст
09.05.2026
Рухы биік ұрпақ – ел ертеңі! 🇰🇿
Бүгін «Патриот» акциясы аясында киелі қара шаңырақ №9 мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сынып оқушылары (тәлімгері: Совет Аружан Ерікқызы) музейімізге арнайы келіп, «Ер есімі – ел азаматы» атты тақырыптық экскурсияға қатысты.
Өлкетану музейінің меңгерушісі Г.У. Шамиганованың жетекшілігімен өткен тағылымды шарада оқушылар ел үшін еңбек еткен тұлғалардың ерлігімен танысып, тарихтан сыр шертті. Жас патриоттардың көзіндегі от пен Отанға деген сүйіспеншілігі бізді қуантты!