2026 жылғы 12 мамырда Зерендідегі «Парус» орталығында мектеп және колледж музейлерінің облыстық байқауы басталды.

13.05.2026

2026 жылғы 12 мамырда Зерендідегі «Парус» орталығында мектеп және колледж музейлерінің облыстық байқауы басталды. Шараның мақсаты — музей жұмысының озық тәжірибесін насихаттай отырып, өскелең ұрпақтың бойында шынайы отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру.
Алғашқы күні қатысушылар «Музей тарихы» номинациясы бойынша өз өлкелерінің шежіресі мен құнды жәдігерлерін таныстырды. Әділқазылар алқасының мүшесі, «Арман» БЖШО өлкетану музейінің меңгерушісі Г.У. Шамиганова атап өткендей:
«Музей біз үшін — өткенді жаңғыртып, болашаққа жол сілтейтін қасиетті мекен. Әрбір жәдігердің артында елдік мұрат пен патриоттық рух жатыр. Өз тарихын қастерлеген жас — Отанының нағыз жанашыры».

Просмотров: 45


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу