25.05.2026
11-16.05.2026 ж. аралығында Көкшетау қаласында тоғызқұмалақтан (классика, рапид, блиц түрлерінен) юниорлар арасында Ақмола облысының чемпионаты өткізілді. Ұлттық ойынымыздың 3 түрінен 18 толық түрде (комплект) медальдар сарапқа салынды.
Бурабай ауданы 31 медаль иеленіп командалық есепте жеке дара көш бастады.
1 Исмагулова Аделия 3 алтын
2.Кенжебек Мұстафа 3 алтын
3.Сәрсенбай Кәусар 2 алтын, 1 күміс
4.Джайбергенова Данара 1 күміс, 2 қола
5.Төленді Айхан 1 қола
6.Мансұр Амина 1 қола
7.Сәрсенбай Айбибі 2 күміс, 1 қола
8.Мансұр Алинур 1 күміс, 2 қола
9.Шоқан Сезім 1 күміс, 1 қола
10.Өтелбай Әмір 1 қола
11.Орал Батыржан 1 қола
12.Мұратов Абылай 2 қола
13.Бейсенбаева Шапағат 2 қола
14.Мансұр Кәусар 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Аудан намысын "Арман" балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері ойдағыдай қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегер 20-30.06.2026 ж. Астана қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына даярлықты бастап кетті.