Текст
22.05.2026
2026 жылғы 22 мамыр күні "Жақсы - 2" спорт кешенінде Техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасындағы Республикалық спартакиада аясында шағын футболдан жарыстың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімде "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Арай" вокал студиясының шәкірттері өнер көрсетті. Жетекшісі: Жетпісбай Сымбат және дыбыс режиссері Алишев Бекжан Дауылбайұлы. Ашылу салтанатының жүргізушісі Егембердиева Ляззат Картаевна