"Мұғалім - 2026"

21.06.2026

"Мұғалім– 2026" облыстық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті!
Ашылу салтанатына би ұжымдарының, вокал студияларының, домбырашылардың, "Арман"орталығының спортшылары мен педагогтерінің өнер көрсетуі ерекше әсер етті. Шығармашылық нөмірлер қатысушылар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй, алдағы жарыстарға қуат пен шабыт сыйлады.
Спартакиада алауын жағу құқығы - Биатлоннан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Азия Чемпионатының алты дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері Микрюкова (Окольздаева) Галина Михайловнаға берілді. Еуропа кубогі кезеңдерінің, Әлем кубогі кезеңдерінің, Еуропа чемпионаттарының және биатлоннан Әлем Чемпионаттарының қатысушысы.
Спартакиаданың барлық қатысушыларына адал күрес, спорттық толқу, командалық бірлік және лайықты жеңістер тілейміз! Бұл жарыстар спорттың, денсаулық пен достықтың нағыз мерекесі болсын!

     

Просмотров: 47


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу