Текст
Бүгін - Ұлттық домбыра күні. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра, деп Қасым ақын ұлтымыз бен ұлттық құндылығымыздың егіз ұғым екенін жырлады. 2018 жылы тұңғыш президенттің Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Содан бері бұл күн бұқара арасында кеңінен насихатталып, аталып келеді. Екі жыл ішінде Орталықта ашылған домбыра студиясының шәкірттері жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Біз жас домбырашыларды, студия жетекшісі, тамаша педагог Б.Д.Ауенованы, жас маман С.Б Төлепбергенов мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!