Оқушының мектептен тыс күні
2018 жылғы15 қыркүйек күні «Арман» МТОТЖО Оқушының мектептен тыс күніне арналған салтанатты линейка өтті. Оқушының мектептен тыс күні дегеніміз не? Бұл, балалардың сабақтан тыс бос уақытын пайдалы өткізетін кезі. Олар біздің Орталықта сәндік-қолданбалы өнер үйірмесіне, сурет салуға, ән айтуға, биге, спорттық секцияларға қатысады. Бұдан басқа, үйрететін және кәсіптік бағыттайтын курстарға барады. Осылайша, балалар жан-жақты болып дамиды. Жыл өткен сайын «Арман» Орталығына қала мектептерінен келетін ұлдармен қыздардың саны артуда және оқып үйрену барысында көптеген жағымды оң әсер алады. Олардың ортақ мекеніне айналған осы бір жылы жерге кейбір балалар бірнеше жыл қатарынан келеді, ал кейбіреулері, тіпті ересек өмірінде де байланысын үзбейді. Келушілердің әрқайсысы үшін жанына жақын, жүрегіне жылы іспен айналысуға осындағы тәжірибелі ұстаздар мен өз істерінің шеберлері көмектеседі, оларды салатанатты линейкада таныстырып өтті. Барлық үйірмелер мен секциялар 15 қыркүйектен жұмыстарын бастады.
Салтанатты линейка облыстық және республикалық байқауларда Бурабай ауданының мәртебесін талай рет абыроймен қорғаған «Роммакс» би студиясының керемет номерімен ашылды. «Арман» МТОТЖО директоры А.А.Тұрғожина келушілерді құттықтап сөз сөйледі, сонымен қатар Бурабай ауданының құрметті азаматы, ардагер педагог Б.Б.Касенова маңызды сәтте аудандық білім бөлімінің құттықтауын жеткізді. Бүгінгі күнгі маңызды сәт еліміздегі қосымша білім берудің 100 жылдығымен тұспа-тұс келуі де орталық жұмысының арқалаған жүгінің салмақты екенін дәлелдей түсті. Тәрбиеленушілердің ата-аналарының атынан сөз алған Ернұр Қызырбекұлы ұстаздардың кәсіпқойлығына, шыдамдылығы мен балаларға барынша көңіл бөлгендері үшін алғыс білдірді.
«Арай» вокал студиясының орындауындағы музыкалық номер қатысушылардың көңілдерінен шықты (музыкалық жетекші Жетпісова С.Т.). Қосымша білім берудің мерейтойымен қатар келген салтанатты іс-шара соңында, музыкалық сүйемелдеумен балалар қосымша білім берудің логотипінің бейнесін әуеге ұшырды.
Дәстүр бойынша, «Оқушының мектептен тыс күні» қызықты әрі естен кетпестей болып өтті. Ал, іс-шараның соңында, тілек білдірушілер өздеріне ұнаған бірлестіктерге жазылуға мүмкіндік алды.
«Арман» қосымша білім беру орталығына қош келдіңіздер!!
«Арман» МТОТЖО
көркем-эстетикалық
бөлім меңгерушісі
Газезова Н.К.