Бурабай ауданының Ұланбасын сайлау
Аудандық мектеп оқушыларының өзі-өзі басқару ұйымының президентін сайлауға дайындық үш кезеңнен өтті: мектеп президентін сайлау, үміткерлердің өз кандидатурасы үшін сайлау алдындағы үлкен насихат жұмысы және жобаларын қорғау әрі сайлау кезінде «Арман» Орталығында өз бағдарламасын қорғау.
Сонымен, 2018 жылғы 12 қазан күні ауданның мектеп оқушыларының өмірінде үлкен саяси маңызды оқиға орын алды. «Арман» МТОТЖО Бурабай ауданының Ұланбасын сайлау өтті. Ауданның 7 мектебі Ұланбасыға өз үміткерлерін ұсынды. Сайлау ашық құпия тәсілмен өтті, оның дұрыс өтуін тәуелсіз бақылаушылар: «Арман»
МТОТЖО директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.В.Ларионова, 2017-2018 оқу жылының Ұланбасы Баймаганова Мадина қадағалап отырды.
Дауыстарды санаумен сайлау алдындағы комиссия мына құрамда айналысты: төрайым – Қ.А.Байздрахманова – «Арман» МТОТЖО бұқаралық бөлім меңгерушісі, төрайымның орынбасары А.Б.Қажымұрат – Бурабай ауданының ЖРО маманы, сондай-ақ комиссия мүшелері Иса Ерлан Исаұлы – «Арман» МТОТЖО әдіскері, комиссия хатшысы – Ақылбай а. ОМ аға тәлімгері Л.С.Трофимова.
Үміткерлер көпшіліктің алдына өздерінің іске асырып жатқан жобалары мен сайлау алдындағы бағдарламаларын таныстырды. Үміткерлердің
сөздерінен соң дауыс беру басталып, оған 92 сайлаушы қатысты. Дауыс берудің қорытындысы төмендегідей нәтижені көрсетті:
Регина Сердюк Ұланбасы №1 МГ – 44 дауыс.
Шынар Жетпісова Ұланбасы Акылбай а ОМ. -15 дауыс
Мөлдір Әлжанқызы Ұланбасы №6 ОМ – 12 дауыс
Анита Елюбаева Ұланбасы №8 МГ – 11 дауыс
Ксения Усольцева Ұланбасы №4 ОМ – 7 дауыс
Дарья Бабаченко Ұланбасы
Досов ат. ОМ – 2 дауыс
Ксения Дрыгалова Ұланбасы №2 ОМ – 2 дауыс
Бурабай ауданының Ұланбасын сайлау қорытындысы бойынша №1 МГ өкілі Регина Сердюк жеңіске жетті. Оның бірінші орынбасары болып ШынарЖетпісова, ал екінші орынбасары болып Мөлдір Әлжанқызы тағайындалды. Біз оларға сәттілік тілейміз және өз жобаларын аудан көлемінде ойдағыдай іске асырады деп сенеміз.
«Арман» МТОТЖО
бұқаралық бөлім меңгерушісі
Қ.А.Байздрахманова