«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шеберлер қалашығы»: бабалар мұрасын ұмытпаймыз және сақтаймыз» көрмесі

26.10.2018

«Шеберлер қалашығы»:

бабалар мұрасын ұмытпаймыз және сақтаймыз» көрмесі

 

2018 жылғы 19 қазан күні Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Шеберлер қалашығы: бабалар мұрасын ұмытпаймыз және сақтаймыз» атты өлкетану тақырыбында облыстық сәндік-қолданбалы бұйымдардың шығармашылық көрмесі өтті.

Облыстық көлемдегі бұл іс-шараның мақсаты – балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығының жан-жақты дамуына ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін танытуға, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Көрмеде қалалық және аудандық мектептердің ғана емес, облыстағы басқа да білім беру ұйымдарының оқушылары өз шеберліктерін танытты. Көрмеге қатысушылардың санының көп болуы, жасаған бұйымдардың алуан түрлілігі көңіл қуантарлықтай.

Көрме бірнеше шағын бөліктерге бөлінген, оның әрқайсысы жарқын бояуымен, кәсіби шеберлікпен жасалған алуан түрлі бұйымдармен толтырған облыстың білім беру ұйымдарына тиесілі болды.

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық»,- деген қазақтың мақалы осындайда еске түседі. Ұсынылған бұйымдардың әсемдігі мен орындалу шеберлігін қос ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Балалардың шеберлігін шыңдап, шығармашылығына демеу болатын орталықтардың болғаны қандай жақсы, деген ой келеді (әсіресе, қалдық заттардан жасалған, көзге әсерлі әрі шынайы көрінетін «Бурабай» композициясы немесе бисерден жасалған әдемі тоқыма). Бүгінгі күні балалар шығармашылығын дамытатын көптеген дәстүрлі емес бағыттар пайда болды. Балалар әлемді өз түсініктері бойынша таниды. Әрі олардың ішкі әлеміне үңіліп көрудің өзі қызықты.

Әсіресе, біздің Бурабай ауданы да өз таланттарын мақтанышпен көрсете алды. «Арман» Орталығының педагогтары (О.В.Савкина, Н.Ю.Афанасьева) біздің тәрбиеленушілеріміз болып табылатын Щучинск қаласы мектептері мен Бурабай кенті және Юспеноюрьевка аукылы мектептерінің оқушылапрының үздік жұмыстарын көрермендер назарына ұсынды.  

 Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, саяжайлар, ландшафтар және т.б.» номинациясы бойынша бірінші орынды Бурабай кенті С.Сейфуллин ат. орта мектептің оқушысы Мария Сафонова «Абылай хан алаңы» атты жұмысымен, «Аймақтың көркем және халықтық қолөнері» номинациясы бойынша

Успеноюрьевка ауылы мектебінің оқушысы Касьянов Никита ағаштан жасаған бұйымы үшін бірінші орынды, «Қалдық заттардан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша

Щучинск қаласы жалпы типтегі №10 мектеп-интернатының оқушысы Коханская Екатерина «Бәйтерек» атты еңбегі үшін үшінші орынды иеленді.  Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марпатталды. Үздік орындалған жұмыстар республикалық көрмеге қатысуға жолдама алды.    

Аталған көрмеге қатысқан балалардың жоғары нәтиже көрсеткеніне сөз жоқ, дегенмен, балалардың жетістіктері үшін олардың жетекшілеріне үлкен «АЛҒЫС» айтқымыз келеді. Олар: Н.Ю.Афанасьева, Щучинск қаласы жалпы типтегі №10 мектеп-интернатының ұстазы, Ю.П.Сафонова, Бурабай кенті С.Сейфуллин ат. орта мектептің ұстазы, К.Н.Горлукович, Успено-Юрьевка ОМ педагогы.

Бұл жұмыстардың көпшілігі сәндік-қолданбалы өнер мұражайларының төрінен орын алуға лайықты. Адамдар тек қана тұтынушы ретінде өмір сүре бастаған қазіргі заманда балаларды қолдан бірдеңе жасауға үйрету оңай емес. Баланың бойына шығармашылық талғамды жас кезінен сіңіру керек. Біздің ұстаздарымыз осы жолда талмай еңбектеніп келеді.

«Арман» Орталығы іс-шараны ұйымдастырушыларға көрмеге қатысушылардың керемет туындыларымен танысуға мүмкіндік бергендеріне ризашылық білдіріп, Көкшетау қаласында Бурабай ауданының абыройын асырып, намысын қорғаған балалар мен ұстаздарға қолдау көрсеткен ата-аналар мен мектеп әкімшіліктеріне алғыс айтады. Мұндай көрмелерге қатысу – бұл баланың өз жетістіктерін көрсетуге, бойындағы жасырын талантын ашуға мүмкіндік беретін, керемет туындыларға қарап бойына күш-қайрат жинап, шығармашылық қиялын ұштайтын орта.

Біз барлық жүлдегерлерімізге сәттілік тілейміз, сондай-ақ, республикалық көрмеде олар Ақмола облысының намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз. Шығармашылықтың шыңына өрлей беріңдер, балалар! 

 

 

Н.Қ.Газезова,  

                «Арман» МТОТЖО

көркем-эстетикалық

 бөлім меңгерушісі

Щучинск қаласы

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст