«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сүйемін туған жерді, өз өлкемді

06.11.2018

Сүйемін туған жерді, өз өлкемді

 

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасының аясында «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында каникул кезінде «Сүйемін туған жерді, өз өлкемді» атты зияткерлік-экологиялық ойын өткізілді.

Ойынның мақсаты мектеп оқушыларының туған өлкесі туралы дүниетанымын арттырып қана қоймай, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, оны өз беттерінше зерттеуге және табиғатты сүйе білуге үйрету болды. Ойын

командалардың өнер көрсетуі арқылы ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл балалардың коммуникациялық қабілеттерін дамытуға, бір-біріне хабарлай отырып жұмыс істей білуді қалыптастыруға ықпал етеді. 

Ойын төрт турдан тұрды: командалық сәлемдесу, викторина, «көмек көрсет», «тоқта». Викторинаның сұрақтары Бурабай ауданы туралы география, тарих, экология салаларынан берілді. Викторина «Своя игра» телевизиялық бағдарламасының

негізінде  құрылды. Сұрақтар күрделілігіне қарай 10 ұпайдан 50 ұпайға дейін белгіленді.  

«Көмек көрсет» деп аталатын үшінші турда мектеп оқушылары біздің өлкеміздің экологиялық мәселелерін білулері тиіс болатын және оның шешу жолдарын ұсынды. Бұл турда балалардың өзара пікірталасы өте қызу өтті, көлдерді, олардың жағалауына жақын маңдарды тазарту бойынша көптеген ұсыныстар түсті. 

Ең соңғы «Тоқта» деп аталатын турда қатысушылар өз шығармашылықтарын тамаша көрсете алды, онда табиғат қорғау белгілерін ойлап табу керек еді. Қатысушылар қиялдары ұшқыр, тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан қарай алатындарын дәлелдеді.

Ойын барысында жеңімпаздар мен жеңілгендер болған жоқ, барлығына Бурабай туралы буклеттер таратылды және «Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны» атты виртуалды саяхат жасады. Қатысушылар Бурабай туралы аңыздарды тағы бір рет еске алып, туған жеріміз туралы өлеңдер тыңдауға мүмкіндік алды.

Ойын барысында мектеп оқушылары географиялық атауларды, туған жерінің тарихын білетіндерін, Бурабайдың экологиялық мәселелеріне алаңдаушылық танытатындарын көрсетті. Ойынды жүргізушінің «Менің туған жерім Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны. Орман-көлдер, ғажайып жартастар ертегі әлемінен тіл қатқандай болады. Ал, айналамыздағы көз талдыратын жазық дала – нағыз керемет! Дала кереметі!»,-деген соңғы сөздеріне балалар дуылдата қол соқты.

 

Н.А.Матвеева,

«Спорт туризмі және тауға өрмелеу»

үйірмесінің

 қосымша білім беру педагогы

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст