«Балғыншақтағы» күзгі каникул
Күзгі каникул – оқу жылының басында келетін оқушылардың алғашқы демалыстары, әрі жазғы каникулдан соң бойларында жігер-күштері тасып тұрса да, бір аптаға берілетін демалысты барлығы асыға күтеді. Күзгі каникул кезінде «Балғыншақ» аула клубында іс-шаралар жоспары құрылып, оған клубтың тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Балаларға арнап
«Загадалки» атты ойын бағдарламасы өткізілді: мұнда балалар жұмбақтардың пайда болу тарихын, оның өмірдегі ролі туралы біліп, көңілді байқауларға қатысты, байқау барысында пантомимоның көмегімен бейнені жұмбақтап жасырды, оның жауабын суретін салу арқылы таптыі.
«Мектепте бала шақтан достықты бағалауға үйретеді...» атты әңгіме-пікірсайыс іс-шарасы барысында балалар достық туралы өлеңдер оқып, мақалдар айтты, «Кім кіммен дос?» атты викторина сұрақтарына жауап берді.
«Күзгі марафон» байқауын өткізген кезде балалар күздің белгілерімен танысып, күзгі жапырақтардан түрлі апликациялар жасады, күз туралы жұмбақтар жасырды, өлеңдер оқып, ән салды. Сонымен қатар, аула клубының тәрбиеленушілері бассейнге барып, бойлары сергіп, көтеріңкі көңіл-күймен оқу жылын жалғастыруға мүмкіндік алды.
О.В.Савкина,
«Балғыншақ» аула клубының ұйымдастырушы-маманы