2021 жылдың қазан айында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақмола облысы оқушыларының өзін-өзі басқару өкілдері арасында "Бағытымыз айқын, мақсатымыз ашық" үздік портфолио облыстық байқауын өткізді.
Бурабай ауданының көшбасшылары атынан байқауға Ақылбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ оқушысы Швиндт Карина қатысты.
Карина өзінің мектептегі - мектеп Парламентіндегі балалар өзін-өзі басқару жұмысының құрылымы және оның Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысымен интеграциясы туралы айтып берді.
Мектеп портфолиосын қорғау аяқталғаннан кейін Карина лайықты екінші орынға ие болды және ll дәрежелі дипломмен марапатталды. Каринаны құттықтаймыз және мектептегі өзін-өзі басқаруды дамытуда үлкен жеңістер мен жемісті жұмыс тілейміз.