Көшбасшылар мектебі
2018 жылдың 10 қарашасында "Арман" мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмысы орталығының "Жас Ұлан" ББЖҰ көшбасшыларының кезекті кездесуі өтті. Бурабай ауданының жас көшбасшылары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: кірістер мен өмір сүру сапасын арттыру" атты биылғы жылғы Жолдауын талқылау үшін жиналды.
Талқылау "Тарих Дөңгелегі" интеллектуалды-танымдық ойын түрінде жүргізілді. Ойын мемлекеттік тілде өтті. Бурабай ауданы бойынша балалар қозғалысының әдіскер-үйлестірушісі Иса Ерлан ойын алдында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қол жеткізу үшін біздің мемлекеттің стратегиялық жоспары - 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіру, атқарылған жұмыс туралы Көшбасшылардың арасында шағын сауалнама жүргізді. Ойын барысында оқушыларға Қазақстан халқына Жолдауы бөлімдері бойынша сұрақтар қойылды:
1. Тұрғындар табысының өсуі;
2. Қолайлы орта құру;
3. Азаматтардың қажеттілігіне бағытталған Мемлекеттік аппарат;
4. Тиімді сыртқы саясат:
5. Әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үрдісіне біріге атсалысуы.
ҚР Президенті Н. Назарбаев Үкіметке қандай тапсырма бергенін көшбасшылар өз ой-пікірлерін еркін білдіре отырып, толығымен жауаптарын қайтарды. Жауабының дұрыстығын тексеру үшін, Иса Ерлан дайындаған слайд-презентация көмегімен жауапты тексерді. Әсіресе, қызу пікіртаслас туғызған білім беру саласы, қауіпсіздік, кәсіби бағдар беру, жоғары білім беру сапасы болды.
Өткізілген отырыс Бурабай ауданының "Жас Ұлан" Көшбасшыларының бойында елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістердің барысына қызығушылықтарын туғызды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл –
Жастар жылы деп жариялауы, көшбасшылардың көп қызығушылықтарын оятты. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ескере отырып, белгіленген міндеттерді Бурабай ауданы Жас Ұлан "ББЖҰ" атқаруға жұмыла кірісуі үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Е.Иса,
«Арман» МТОТЖО әдіскері