«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарым – асыл қазынам

12.11.2018

Қарттарым – асыл қазынам

 

«Арман» МТОТЖО қарасты «Болашақ» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиеленушілері «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараның өткізілуіне «Балапан» тобының тәрбиешісі Арман Кәрібайұлы Досмағамбетов жауапты болды.

Іс-шараның атауы айтып тұрғандай, кішкентай бүлдіршіндер ата-әжелерін шақырып, олардың алдында бар өнерлерін салды. Ән салып, би биледі, жаттаған тақпақтарын нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, үлгілі тәрбие алып, өнеге-өсиеттерді тыңдап жүргендерін түрлі көріністер қою арқылы дәлелдеді. Көшеде қолында ауыр себеті бар әжеге қолдау көрсетіп, жолдан өтуіне көмектесетінін көрініс арқылы жеткізді. Қоғамдық көлікке мінген қарт атаға да орын ұсынатындарына, әдеп сақтайтынына қойылым барысында көз жеткіздік.

«Тәрбие – тал бесіктен басталады»,-демекші, концерттің соңында балалардың ата-әжелері бүлдіршіндерге ақ баталарын беріп, ыстық тілектерін жаудырды. Немерелеріне оң тәрбие беріп, жан-жақты дамуына ықпал етіп жатқан «Арман» Орталығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Мұндай іс-шаралар балалар мен үлкендердің қарым-қатысын жақсартып, араларын жақындата түседі. Іс-шара соңында қарттарға арнап ата-аналардың атынан дастархан жайылып, шай берілді.

 

А.Досмағамбетов,

«Болашақ» шағын орталығы

«Балапан» тобының тәрбиешісі

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст