Темекі – өлімге итеруші!
Темекі тартудың зияны туралы көптеген мақалалар, рефераттар, тіпті, ғылыми жұмыстар да жазылды. Сонда да болса, темекі түтінімен уланудың өсіп келе жатқан бала ағзасына тигізетін зиянын ұғынықты тілмен жеткізіп көруге тырысамыз.
Адамның тұрмыстық өмірінде темекінің пайда болғанына өте көп уақыт болды. Бұл зиянды әдетті пайдалану адам санасында ежелден түрлі себептерге байланысты пайда болды: сәнге айналды, өсімдіктің «шипалы» қасиеттеріне сенді, өзіне көбірек назар аудартқысы келді (қымбат темекі болса – ақшасы да көп!). бірақ, біздің қазіргі уақытта ғана ТЕМЕКІ – ӨЛІМГЕ ИТЕРУШІ екенін сеніммен айта аламыз.
Темекі мен темекі түтінінің иісі адам ағзасына орасан зиян тигізетіні туралы соңғы ғылыми зерттеулер дәлелдеп берді. Қатерлі ісік, ерте жүрек талмасы, инсульт, аяқтың іріңдеуі, белсіздік – мұның барлығы темекі шегумен байланысты болатын аурулардың бір бөлігі ғана. Темекіге тәуелділік туралы ашық айтылмайды. Темекіге тәуелділік есірткіге тәуелділікпен бірдей екенін барлығымыз бірдей біле бермейміз.
Сізге ақша санаған ұнайды ма? Ендеше, санап көрейік! Бір қорап темекінің құны бір келі алманың бағасымен бірдей. Егер, адам күніне бір қорап темекі тартатын болса, онда ол 370-400 теңгені зиянды түтінге айналдырады; бір айда 11100-12000 теңге; жылына 144000 теңге. Үш жыл ішінде орташа есеппен 432000-500000 теңге желге ұшады, яғни, «ортаңқол» автокөліктің бағасы. Демек, образды түрде әр үш жыл сайын бір автокөлікті жарамсыз етеміз деген сөз. Ал, егер ТЕМЕКІНІ ТАСТАСАҚ ШЕ? Ешқандай шығынсыз, жақындарымыз бен өзіміздің денсаулығымызды сақтай отырып, күніне орта есеппен 400-500 теңгені үнемдейміз, әрі үш жылдан
соң жеке көлігімізбен көлге демалуға, орманға жидек, саңырауқұлақ теруге, дүкен аралауға барамыз. Кім біледі?!. Мүмкін алғашқы пәтер жарнасы шығар, немесе
отбасымызбен теңіз жағасына саяхаттаймыз, оқу ақысы және...
Балалар жақсы мен жаманды ата-аналарына қарап үйренеді, ересектерге еліктейді. Егер ата-аналары темекі тартатын болса, бала да ерте жасынан бастап темекінің дәмін алады. Жасырын сауалнаманың нәтижесі көрсеткендей, ұлдар үшінші-бесінші сыныпта алғаш рет темекі тартып көрсе, қыздар жетінші-сегізінші сыныпта тарта бастайды. Ата-аналардың үйде темекі тартатынын ескеретін болсақ, балалар туылған сәтінен бастап пассивті темекі тартумен таныс болады. Осыдан кейін жиі суықтап ауыратын, зейіні нашар, мектептегі оқу бағдарламасын нашар меңгеретін бала қайдан шығады деп таң қаламыз. Сүйікті ата-аналарына теекі тартуға тыйым сала алмаса, кішкентай ғана «пассивті темекі тартушылардың» жазығы не?
Үйдегі шығатын өрттің жиі себепкерінің бірі – сөнбеген темекі тұқылы. Себебі, тұтанған темекі өздігінен сөнбейді, бықсып соңына дейін жана береді. Егер, ішімдік ішкен адам темекі тартып, ұйықтап кететін болса, қауіп-қатер төнді деп есептей беріңіз. Үй өртенбеген жағдайда да күйіктің иісінен отбасы мүшелері уланып қалуі мүмкін. Өкінішке орай, шынайы өмірде мұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады.
Темекі тартудың пайдасы мен зиянын саралай келе, қорытынды өздігінен шығады: темекі – есірткі, ағзаны улаушы, темекі тарту – бұл физикалық және психологиялық тәуелділік. Тәуелсіз болыңыздар! Дұрыс таңдау жасаңыздар!
Г.А.Анисимова,
«Арман» МТОТЖО психологы