«Бақытты балалық шақ»
2018 жылғы 16 қараша күні Щучинск қаласы, №8 МГ базасында Бурабай аудандық білім беру ұйымдарының даярлық сыныптары оқушыларының арасында «Бақытты балалық шақ» атты байқау өтті. Байқауға 15 үміткер қатысты. Балалар вокалдық шеберліктерін бар ынталарымен көрсетті, жарқын түсті костюмдері көрермендердің көңілінен шықты. Бұдан өзге, жас вокалистердің өнер көрсеткен кезіндегі дайындалған слайдтар өте қызықты болды. Байқауға қатысушылардың өнерлеріне «Бурабай» газетінің бас редакторы Б.Ракишев, Бурабай аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Шайменова, №8 МГ педагогі А.Ахметжанова қазылық етті.
Байқауға қатысушылардың арасында «Арман» Орталығының тәрбиеленушілері де болды. Олар «Арай» вокалдық студиясына (жетекшісі С.Т.Жетпісбай) осы жылдың қыркүйек айынан бастап қатыса бастағанына қарамастан, өз таланттарын көрсете алды. №8 МГ оқушысы Нұрмұхан Еркежан 2 орын алса, №6 ОМ оқушысы Газезов Диас жүлделі 3 орынға ие болды. Осылайша, «Арман» МТОТЖО тәрбиеленушілері
орталықтан алған тәлім-тәрбиелерінің арқасында жарқын жетістікке жете алатындарын тағы бір рет дәлелдеді. Олардың өнерлері көрермендердің көңілінен шығып, дуылдата қол соқты. Балалардың бойындағы дарынын ашу арқылы бойыңа қуат аласың, өмірдің барлық саласында шығармашылық тәсілдерді дамытады. Дәл осы мақсатта мектептерде дарындылардың байқаулары өткізіледі, онда әрбір бала өзінің қабілетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, балалардың өнерлеріне қолдау көрсетіп, жанкүйер болғандардың барлығына алғыс айтқымыз келеді. Олар біздің ауданымыздың жаңа жұлдыздарының жануына,
ұшқынның алаулап жануына себепші болуда.
Ал, балаларға алдағы уақытта да өнерлері өрге жүзіп, байқауларда жеңістің биік тұғырынан көрінуге тілектестік білдіреміз.
Газезова Н.К.,
«Арман» МТОТЖО
көркем-эстетикалық бөлім меңгерушісі