Дүниежүзілік жол-көлік
оқиғасының құрбандарын еске алу күні аясындағы акция
Жыл өткен сайын көлік құралдарының саны артып келеді, ал, бұл, өз кезегінде жол-көлік оқиғасының артуына алып келуі әбден мүмкін. Жаяу жүргіншілер мен балалар көлік апатының жиі себепкеріне айналуда. Өкінішке орай, мектеп оқушылары қарапайым қозғалыс ережелерін білмейді, немесе, ережені сақтамаудың салдары өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескере бермейтіні белгілі болды. Дәл осыған байланысты, «Арман» Орталығы соңғы бірнеше жыл қатарынан мектеп оқушыларының назарын көшеде және жолда жүру ережелерін сақтауды насихаттауға тарту шараларын өткізіп келеді.
2005 жылдың қазан айынан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес, қараша айының үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Осыған байланысты, 2018 жылғы 21қараша күні «Арман» Орталығында осы еске алу күні қарсаңында жол апатынан құрбан болғандарды еске алған акция өткізілді, екінші жағынан, өзі мен өзгенің өмірін сақтау үшін тірілерге ескертілген жайт еді.
Акцияға Орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілері ғана қатысқан жоқ, сонымен қатар Бурабай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Б.Т.Казтаев келді. Ол қатысушыларға жол-көлік оқиғасының статистикасынан мәліметтер келтіріп, балалар мен ересектерді жолда жүру ережесін бұзбауға шақырды.
Акцияға қатысушылар жол апатынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, ал, қызыл түсті шарларды көккке ұшырғанда, автокөліктердің ұзақ сигналы берілді. Осылайша, барлық қатысушылар: ересектер мен балалар жол бойында қайғылы оқиғаның мейлінше аз болуына үлес қосуға үндеді. Жол-көлік оқиғасының куәгері болған жағдайда, оқиғаға бей-жай қарамауды, ең бастысы, өз өмірін сақтауды және бағалауды өтінді.
Іс-шараның соңында «Арман» Орталығының қызметкерлеріне жол жүру ережесін сақтай отырып, көлікпен қиғаштап жүру жарысына қатысуға ұсыныс жасалды.
Біз акцияға қатысушылардың барлығына, «Арман» Орталығының қызметкерлері мен қонақтарына осындай маңызды іс-шараны өткізуге атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз. Осындай іс-шаралар арқылы біз сәт сайын өміріміздің қаншалықты қымбат екенін ұға түсеміз.
Закрин Т.М.,
«Арман» МТОТЖО
кәсіптік-техникалық бөлім меңгерушісі