«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет»

22.11.2018

«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет»

2018 жылғы 22 қараша күні «Арман» МТОТЖО «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Жас ұлан» АББЖБ көшбасшылары, мектептегі құқықтық жұмысты үйлестіруші директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты, сонымен қатар Бурабай АПБ ГЗЖН МПС инспекторы,

полиция майоры А.Р.Рысбаева, Бурабай АПБ кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторы М.М.Мусаева, «Арман» Орталығының қоғамдық қабылдау жетекшісі Г.А.Анисимова, Щучинск қаласы №4ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базаргүл Амантаевна Ибраева шақырылды.

Дөңгелек үстел ашық сұхбат түрінде өтті, онда  әрбір қатысушы сұрақ қойып қана қоймай, жүргізуші мен басқа да қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік алды.

Әсіресе, БҰҰ мәліметінен 6-11 жас аралығындағы 120 миллионнан астам бала мектепке бару мүмкіндігінен айрылғанын естігенде, тегін білім алу құқығы жөнінде жарыссөздер қыза түсті.

Іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп қоймай, балалардың құқықтарын қорғау бойынша өз ұсыныстарын да білдірді.

Барлық қатысушыларға 7 сынып оқушылары арнайы дайындаған балалардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат жазылған жаднама таратылды.

 

Қ.А.Байздрахманова,

                                                                                           «Арман» МТОТЖО

 бұқаралық бөлім меңгерушісі

Просмотров: 579


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст