«Paper free» анықтамаларсыз қызмет» сервисі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 ақпандағы № 51 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 22-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландыру және оларды толық электрондық форматқа көшіру қарастырылды.
Бүгінгі таңда, баламасыз негізде ЭҮП арқылы көрсетілуі қарастырылған өңірлік деңгейде көрсетілетін 10 қызмет түрі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне қосылды.
Сонымен қатар, электрондық үкімет порталында анықтамасыз қызметтер – «Paper free» сервисі іске қосылды.
Жаңа жоба SMS – хабарламаарқылы көрсетілетін қызметті алушының келісімі бойынша ақпараттық анықтамалардың 4 түрін үшінші тұлғалардың алуына мүмкіндік береді («Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын беру», «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама беру», «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру», «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру»).
Сервис ұсынудың бизнес процесі қарапайым: мүдделі тұлға ЭҮП авторизацияланады, онда «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» тарауын таңдайды, «ЖСН» жолағында мәлімет сұратылатын адамның деректерін толтырады. Одан кейін – анықтама түрін таңдайды және смс-құпия сөз арқылы (мобильді азаматтардың базасында тіркеуінің болуы міндетті) немесе ЭЦҚ көмегімен сауалға қол қояды. SMS азаматқа мәліметтерді алуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау өтінішімен хабарландыру автоматты түрде жолданады.
2018 жылдың 27 – қараша күні Щучинск №2 орта мектебінің базасында «Электрондық үкімет порталы, «Paper free» - анықтамаларсыз қызмет» сервисі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу» тақырыбы бойынша үйретуші – семинар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – Бурабай аудандық бөлімінің өкілдерімен ауданның білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты тұлғаларымен өткізілді.