«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасының мақаласы қазақстандық патриотизмді дамытуға зор серпін береді

04.12.2018

Елбасының мақаласы қазақстандық патриотизмді дамытуға зор серпін береді

 

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Осындай терең ойлы, тұжырымды жолдармен басталатын Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Арман» Мектептен тыс

оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығының қызметкерлері де талқылады. Бурабай ауданының құрметті азаматы, педагогика саласының ардагері Бағила Батырғалиқызы Касенова Орталық қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеп, мақаланың мән-мағынасына тереңірек тоқталды.

Өткен жылы ғана Президенттің «Болашаққа бағдар: рухина жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шыққан болатын. Егер зер сала зерделейтін болсақ, талқыға салған жаңа мақалада айтылған жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатынын байқаймыз.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет

жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының

кепілі дегеніміз осы,-деп Президент Н.Ә.Назарбаев өз ойын түйіндейді.   

Сондықтан, Ұлы дала мәдениеті мен тарихы арқылы өзіміздің болашағымызға жол салу – ұлтымыздың рухани еңсесін көтерері

сөзсіз.

Сонымен, мақаланы талқылай келе, Орталық қызметкерлері әрбір қазақстандық білуге тиіс Қазақстан тарихи бай мұраға ие,

оны еліміздің әр азаматы көзінің қарашығындай сақтауы қажет пікірге келді.

Алдағы уақытта Орталықтың жұмыс жоспарына мақалада айтылған жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шаралар қосылатын болады.

 

Л.Егембердиева

«Арман» МТОТЖО

Просмотров: 303


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст