https://www.instagram.com/p/CaFbd7xsUGo/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпанның 17-сі күні "Қазақстан" ұлттық арнасынан ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаев арнайы сұхбат берді. "Хабар" арнасында ресми тілде алғашқы сухбатын бергені әлеуметтік желілерде біраз сынға ұшырағаны рас еді. Бірнеше шет тілін еркін меңгерген Президентіміз ана тіліне шорқақ болар ма екен деген алаң ой болды санамда. Алаңдауым бекер екен. Қасіретті қаңтар оқиғасына егжей-тегжейлі талдау жасап, елді жел сөзге ере бермеуге шақырды. Расында, тәуелсіздігімізге сызат түсірмей, шекарамызды шегендеп, әл-ауқатымызды арттыруға күш салуымыз қажет. Халқымызды еңбекқор болуға шақырды. Жатыпішерлік мінезден арылатын уақыт келді. Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысайық. Күшіміз бірлікте екенін танытайық. Наурыз айында халыққа Үндеуін жариялау жоспарымен бөлісті. Елді біраз саяси реформалар күтіп тұр. Әлеуметтік желілерде қандай ақпараттар тарап жатқанын қадағалап отыратыны, мерзімді басылымдарды астын сызып оқитыны жүрегіме жылу сыйлады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы, Жаңа Қазақстанды бірге құру жолында бірлесіп еңбек етейік, құрметті отандастар.