«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

IV аудандық медиафестиваль

07.02.2019

«Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» ұранымен

«Рухани жаңғыру: біздің құндылықтарымыз бен басымдықтарымыз» атты  Бурабай ауданы мектеп тілшілері мен баспасөз орталықтарының

IV аудандық медиафестивалі

 

2019 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша «Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында «Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» ұранымен «Рухани жаңғыру: біздің құндылықтарымыз бен басымдықтарымыз» атты  Бурабай ауданы мектеп тілшілері мен баспасөз орталықтарының IV аудандық медиафестивалі өтті.

Аудан мектептерінде баспасөз орталықтары жаңадан жұмыстарын бастап, ақпарат кеңістігіне бойлап еніп келеді. Осы ретте оларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісетін мамандардың көмегі қажет болатыны сөзсіз. Медиафестивальді ұйымдастырып, өткізудегі Орталықтың көздеген мақсаты да осы болатын.

Іс-шараға «Бурабай» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Болат Сабырұлы Ракишев, «Луч» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редактордың көмекшісі Ирина Эдуардовна Корниенко, «Стабильная» жарнамалық-ақпараттық газетінің бас редакторы Алексей Мансурович Каримов, «Щучинск-life» Интернет-блогері Алексей Николаевич Клименко арнайы шақырылды. Олар медиафестивальдің ашылу салтанатына қатысып, мектеп баспасөз орталықтарының өнімдерімен танысты. Содан соң  жас тілшілерге «Интернет-блогер», «Интервью-сұхбат», «Репортаж» бағыттарында шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар, «Жылдың жас тілшісі – 2019» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған Алексей Мансурович Каримов төрелік етті. Берілген тапсырмалардың күрделі болғанына қармастан, жас тілшілер бар ынталарымен дайындалып, сұрақтарға жауап берді. Өздерінің шығармашылық әлеуеті жоғары екенін дәлелдеді.

Щучинск қаласы, №8 мектеп-гимназиясының оқушысы Исламов Ильдар 2019 жылдың жас тілшісі атанды. №4 ОМ оқушысы, «Арман» МТОТЖО шәкірті Усольцева Ксения «Креативті тілші» ретінде таңдалды.

Іс-шараның қорытындысы ретінде «Ересектерге жүз сұрақ: Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Брифинг барысында қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласының сарыны бойынша жеті топқа бөлінді. Әуелі, арнайы дайындалған фильмді тамашалап, топтар өз тақырыптары бойынша жобаларын әзірлеп, көпшілік алдында ұсынды. Оқушылардың ұсынған жобалары ұтымды, көңілге қонымды шықты. Соңында аудандық газеттердің редакторлары мен блогерге ойларындағы сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жас тілшілер мен мектеп баспасөз орталықтары аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Олар өздеріне алдағы уақытта қажет болар тәжірибе алғандарына сенімдіміз.

 

Л.Егембердиева,

«Арман» МТОТЖО

жаңа ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі 

      

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст