«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерліктері мәңглік жадымызда

18.02.2019

Ерліктері мәңглік жадымызда

 

2019 жылғы 13 ақпан күні «Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында «Живая память – Мәңгілік естелік» тақырыбында Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай ардагер-жауынгерлермен кездесу өтті. 1989 жылғы 15 ақпан күні кеңес әскерінің соңғы жауынгері Ауғанстаннан шығарылған болатын, сондықтан дәл осы күн Ауғанстанда, Шешенстанда және басқа да «ыстық нүктелерде» қаза тапқандарды ресми еске алу күні болып табылады. Кездесуге «Намыс» әскери-патриоттық клубының мүшелері мен қала және аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері келді. Залда жиналғандар қонақтарды тік тұрып, қошеметпен қарсы алды.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Берік Сатыбалдыұлы Буланов, ауған соғысының ардагерлері Ахриев Магомед Джаброилович, Ерлан Қабиболлаұлы Есмұқанов, Ербатыр Негметұлы Найманбаев, Қанат Шамаевич Есимов, Сергей Викторович Кравченко, жергілікті соғысқа қатысушы, Таулы Карабахтағы ұрыс әрекеттеріне қатысушы Андрей Валерьевич Сиськов, әскери-патриоттық жұмыс бойынша бөлім бастығының көмекшісі Мейрамбек Баймұханұлы Исманов, Бурабай ауданының құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері Бағила Батырғалиқызы Касенова, «Арман» Орталығының педагогикалық еңбек ардагері Николай Максимович Слабунов, Бурабай ауданы білім бөлімінің әдіскері Марат Мағауияұлы Қасымов іс-шараның құрметті қонақтары болды. Денсаулықтарында ақауы бар, шаштарын қырау шалған, бірақ кеуделері орден-медальге толы, еңсегей бойлы азаматтар залға кіріп келенде, көңілді толқытып, жүректі тебірентті.

Кешті жүргізушілер осыдан отыз жыл бұрынғы оқиғаға қайта айналып соғып, тарих парақтарынан сыр шертті. Көптеген отбасының басына қайғы мұңын сепкен Ауған соғысы біздің мемлекетіміздің аумағын да айналып өтпеді: оған 22 мың сарбаз қатысып, 761 адам қаза тапты, оның ішінде 21 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл соғыста 15 мың адам қаза тапты, 15 мың отбасы құрылмай қалды, 15 мың бала өмірге келмей қалды, 15 мың ана баласын жоқтауда және әлі күнге жолына қарап күтуде. Сондықтан, біз бұл соғыстың құнын түсінуіміз керек. Сондай хабар-ошарсыз кеткендердің арасында біздің жерлесіміз, Бурабай кенті С.Сейфуллин ат. мектептің түлегі Алексей Зуевтің сүйегі ауған жерінде табылып, ресейлік іздестірушілердің көмегімен 2012 жылы елге қайтарылған болатын. Сөйтіп, жас сарбаздың мәйіті туған жерге жеткізіліп, жер қойнауына табысталды. Жүргізушінің келтірген мәліметтерін тыңдап, экранда көрсетілген фильмдерден үзінділер тамашалаған қонақтар бір сәтке өткен шақтарына қайта оралғандай толқыды.

Оқ пен оттың арасында жанкешті күй кешкен, жолдастарының өмірін сақтау үшін бастарын бәйгеге тіккен кездері көз алдарына келді. Жанарларына іркілген жасты әзер тыйып ұстағандарын жас өрендер көзбен көріп, түйсікпен түсінді. Қазақтың арда ұлдарының арасында аты аңызға айналған, атын естігенде жаулары да бас иіп, мойындағандары аз емес. Сондай батырлардың бірі, ауған соғысының ардагері, отставкадағы полковник, «қара майор» атанған Борис Тукенович Керимбаев 72 жасқа қараған шағында, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінде ұзаққа созылған науқастан қаза болды. 12 ақпан күні ақпарат таратушы құралдар осы бір қайғылы қазаны елмен бірге бөлісті.

         Сарбаздар «батя», яғни «әкей» деп атап кеткен «қара майор» ерекше тағайындауда болған батальонды басқарып, әрбір жауынгердің өмірін аман сақтау міндеті болғанын айтады. Өкінішке орай, алпыс шақты сарбазын сол жерде жер қойнауына тапсырғанын, оларды аман алып қала алмағанына өкінетіні туралы естелік фильмдегі үзіндіде айтып өтті. Кездесуге жиналған ардагерлер де оның жаны жайсаң азамат, нағыз батырға тән қасиеттері бар, кішіпейіл жан болғаны туралы естеліктермен бөлісті. Залға жиналғандардың барлығы аңызға айналған батырдың рухымен қоштасып, бір минут үнсіздік жариялады.  

         Сонан соң, болашақ сарбаздар келген қонақтарға сауалдарын қойып, естеліктермен бөлісті. Өз кезегінде, ардагерлер балаларға елдің тыныштығы мен бейбітшілігін, киелі тәуелсіздігін сақтауды аманат етіп тапсырды. Лайым, елде соғыс болмауын, жас ұрпақ оқтың ызыңы мен снарядтың жарылған гүрсілін естімей өсулеріне тілектестік білдірді.

 Кештің соңында, ұлы батырды мәңгі есте сақтау үшін, «Арман» Орталығының шәкірттері өз қолдарымен жасаған, оның атымен аталған «Буксир» кемесінің көшірмесін музейге табыстау үшін Андрей Валерьевич Сиськовке табыстады. Іс-шара барысында белсенді өнер көрсеткен оқушылар мен құрметті қонақтар Алғыс хаттармен марапатталды.  

 

Л.Егембердиева,

Жаңа ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі

«Арман» МТОТЖО 

     

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст