«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күніндегі игі шара

01.03.2019

Алғыс айту күніндегі игі шара

 

2016 жылдан бастап, сол жылғы 14 қаңтар күнгі Республика президенті Н.Назарбаевтың №173 жарлығымен бекітілген  Қазақстанда жаңа мейрам – Алғыс айту күні пайда болған еді. Бурабай ауданы Щучинск қаласында орналасқан «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығының ұжымы айтулы мереке күні көптеген игі шаралар өткізді.

Наурыздың бірі күні «Арман» орталығының шәкірттері мен олардың жетекшілері Щучинск қаласында орналасқан «Щучинск қаласы уақытша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балаларға арналған үй» ММ барып, ондағы балаларға арнап концерт қойды. Әсем ән мен көңілді биден, күмбірлеген күйден шашу шашты.

Көктемнің шуағымен қатар балалардың өнері олардың көңілдерін көтеріп, мерейлерін тасытты. Тіпті, өнерлі өнерпаздармен бірге ән шырқап, естелік суретке де түсті. Қыстың ызғарын артқа тастап, көктемнің жылы жайма-шуақ күніндей лебіз ала келген балалардың ыстық ықыласы мен мейірімдері естерінде ұзақ сақталады деп ойлаймыз.

 

Л.Егембердиева

«Арман» МТОТЖО 

   

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст