Өрт қауіпсіздігі – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалудың басты шарттарының бірі
Өрт қауіпсіздігі бойынша онкүндік аясында 2019 жылғы 4 сәуір күні Щучинск қаласының 24-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Оған кәсіптік-техникалық бөлімнің шәкірттері қатысты. Өрт сөндіру бөлімінде балаларға заманауи өрт сөндіру техникасымен таныстырды, олардың қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, қызметкерлердің ас ішетін, жатын және оқу ғимараттарын аралатты. Сонымен қатар, балалар өрт сөндіру кезінде киетін арнайы костюмдер мен олардың атрибуттарымен танысты. Өрт сөндіру машинасында насостың бар екенін білді, соның арқасында жүргізуші ашық су қоймаларынан да су бере алады, көбікпен отты қалай өшіретінін көрді. Экскурсияның соңында маманрдар оқу дабылы қалай өтетінін көрсетті. Балалар өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне қызықты, әрі танымдық экскурсия өткізгендері үшін алғыс білдірді. Саяхаттан алған әсерлері балалардың бойларын кернеп, жағымды әсерге бөледі. Сондықтан, кері қайтып келе жатқан жолда пікір алысқан балалардың арасында келешекте өрт сөндіруші болғысы келетіндер табылды.
Өрт сөндіру қызметінің жұмысымен таныстырып, балалармен танымдық экскурсия ұйымдастыруға мүмкіндік жасағандары үшін МӨСБ-24 бастығы азаматтық қорғаныс капитаны Анарбек Рыспекұлы Есимовке, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Диас Қаражігітұлы Мұқатовқа және басқа да мамандарға үлкен алғыс білдіреміз!
Закрин Т.М.,
кәсіптік-техникалық бөлім меңгерушісі
«Арман» МТОТЖО