Біздің Жұмабай Димаш – жеңімпаз!
27.04.2019ж. сенбі күні Зеренді ауданы, Садовое с. Шыңға өрмелеу бойынша облыстық білім басқармасы Кубогінің 5 қорытынды кезеңі өтті. Табиғаттың тосын мінез көрсетіп, түнде қар жауғанына қарамастан, облыстың барлық шыңға өрмелеушілері жарыс шыңына шықты. Барлығының алдында бір ғана дистанция тұрды – «Жылдамдық». Біздің Жұмабай Димаш өзінің жас ерекшелік тобында мықты екенін танытып, І орынға ие болды. Барлық 5 кезеңнің нәтижесі бойынша облыстық құрама команда құрылады. Бұл команда маусым айында Республикалық жарыстарға қатысады. 30 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында жасанды скалодромда және маусым айында Баянауылдағы ашық шыңдарда бақтарын сынайды. Димаш команда құрамына енуге жолдама алды, балалардың бірінің қабылдануына әлі де мүмкіндік бар.