«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тоғызқұмалақтан чемпиондар өсіп келеді

30.04.2019

Тоғызқұмалақтан чемпиондар өсіп келеді

 

Жақында Ақмола облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасымен бірлесіп «Арман» МТОТЖО базасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. Спорттық іс-шараға Көкшетау, Щучинск қалаларынан, Бурабай, Біржан сал, Ерментау, Шортанды, Целиноград аудандарынан, Балуан Шолақ ат. Ақмола облыстық ұлттық спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша 10 топқа бөлінді.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде Бурабай ауданының тоғызқұмалақшылары жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы командалық есеп бойынша біздің ауданның шәкірттері 7 алтын, 3 күміс, 11 қола медальге ие болды. Үздіктер қатарында Целиноград ауданы көрінді. Ай кетерлігі, бұл аудан қос бірдей командасын үкілеп додаға қосты. Олардың арасында бір команда 7 алтын, 4 күміс және 4 қола ұтса, екінші команда 1 алтын, 2 күміс пен 3 қоланы қанжығаларына байлады.

Бурабай ауданының шәкірттерінің басым бөлігі «Арман» Орталығының тәрбиеленушілері болып табылады. Біз шәкірттеріміздің толағай табыстарын мақтан етеміз!

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст