«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ардагерлерді ардақтады

08.05.2019

 

Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығының ұжымы мен тәрбиеленуші шәкірттері 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Щучинск қаласында тұратын соғыс және тыл еңбеккерлерін құттықтады. Орталық қызметкерлері Васильева Татьяна Фоминичнаға, Васильев Виктор Федоровичке, Клименко Вера Яковлевнаға, Ларионова Лидия Васильевнаға, Сербин Петр Ионовичке арнайы сыйлық жасады. Бір күндік жалақыларына арнайы азық-түлік себетін алып берді. Жыл сайын ардагерлерге сыйлық жасау Орталық ұжымының айнымас дәстүріне айналған.

Орталықтың «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылары ардагерлердің үйлеріне барып, қарттарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Қарттармен әңгімелесіп, естеліктерін тыңдады. Арада 74 жыл өтсе де, сол бір зұлмат жылдар кешегі өткен күндегідей әлі де жадында сайрап тұр, санасынан өшпек емес. 

   

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст