Текст
9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Арман» МТОТЖО ұстаздары мен көшбасшылары ардагер ұстаз Б.Б.Касенованың жетекшілігімен «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген тақырыппен акция өткізді. Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарына Щучинск қаласында орналасқан сауда орындары мен қоғамдық көліктерде «ерлік лентасын» таратты. Әскери жылдардағы әндерді шырқап, ерлік танытқан жерлестеріміз туралы әңгімеледі. Мерекелік іс-шараға келуге және «Өшпес полк» акциясына қатысуға шақырды.