Текст
2019 жылғы 29 тамыз күні «Арман» Орталығының ұжымы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» МКМ келген дінтанушы-маман Тоқсанбай Шариповпен кездесу өтізді. Кездесу «Қазақстандағы ислам бағытының теріс ағымдары, негізгі маңыздылығы мен сипаты» деген тақырыпта өтті. Арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Яғни, соңғы уақытта түрлі әлеуметтік желілер арқылы адамды алдап-арбау жолымен, психологиясына әсер ете отырып теріс бағыттағы діни сектаға кіруге үгіттеу көбейіп барады. Сондай арандатушылардың құрығына түсіп қалмау жолдарын түсіндірген маманның сұхбаты қызықты әрі мазмұнды болды.