Кеш жарық!
Қатаркөл с. 9-10 маусым күндері өткен шахматтан облыстық жарыста "Арман" Орталығының жас шахматшыларының спорттық нәтижелері туралы ақпарат.
"Арман -1" командасы (Тошев Николай, Кабиев Ерасыл мен Кошкина Ангелина) шекті 14 ұпайдан 10 ұпай жинап, 3 орын иеленді. Алға 1 және 2 орын алған "Көкшетау -1" мен Зеренді ауданының командаларын жіберді. Жекелей есепте 1-тақтада Тошев Николай 3 орын алды. 2-тақтада Кабиев Ерасыл 2-орын иеленді. Турнирде Кошкина Ангелина қыздар арасында 3 орынға ие болды. Балалар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар команда "Арман" орталығы үшін 3 шахмат тақтасы, 1 шахмат сағатын ұтып алды. "Арман -2" командасы 6 орынға тұрақтады. Балалар ойынға қатысқаны туралы сертификатқа ие болды. Жарысты ұйымдастырушылар мен біздің балалардың қатысуын қамтамасыз еткендерге алғыс білдіреміз! Жарыстың бас төрешісі - Кузнецов Виталий Александрович.