БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2019 жылдың 14-20 қазан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында іске асырылған «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша футзал және жеңіл атлетика спорт түрлерінен бірінші жастар ойындарының финалы өтті..
Жарысқа 17 аймақтық команда қатысты.
Жас жігіттер арасындағы футзал жарыстарында Жамбыл облысының командасы сенімді жеңіске жетіп, Алматы қаласының командасын артта қалдырды.
Үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының командалары өзара бөлісті.
Жеңіл атлетикадан жарыстар үш пән бойынша өтті, оның ішінде 60 және 100 метрге жүгіру, сондай-ақ бір орыннан ұзақ секіру кірді.
60 метрге жүгіруден жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Александра Короленко жеңіп алды. Екінші орын Ақмола облысының атынан шыққан Есения Тихимироваға бұйырды. Спортшылар Ульяна Стокоз (Маңғыстау облысы) және Наталья Каратаева (Ақтөбе облысы) үшінші орынға ие болды.
100 метрге жүгіруде астаналық спортшы Юрий Киров үздік деп танылды, ал пьедесталдағы мәртебелі екінші орын Алматы облысынан Ильмурат Исхакбаев есімді спортшысына тиді. Илья Храбрих (Солтүстік Қазақстан облысы) және Богдан Библив (Қарағанды облысы) қола медальдарға лайықты болды.
Бір орыннан ұзақ секіруде алматылық оқушы Дамир Актерин сәтті шықты. Бұл пән бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан келген Әділ Ғалымжанов екінші орын алды. Үздік үштікті Глеб Ермолаев (Павлодар облысы) және Станислав Ким (Жамбыл облысы) қорытындылады.
Сайыстың барлық қатысушылары керемет ерік пен шыдамдылық танытып, жарқын және қызықты ойын көрсетті.
Марапаттау рәсімінде финал жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен (велосипедтермен) марапатталды.
Жаттықтырушылар естелік медальдармен марапатталды, ал бірқатар спортшылар жеке номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мектеп спорт федерациясы