«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік тіл - менің тілім

08.09.2022

2022 жылдың 7 қыркүйек күні Көкшетау қаласында "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан халқының тілдері күніне арналған ұлты қазақ емес 13-14 жас аралығындағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты - іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үш тілді мемлекеттік саясат ретінде насихаттау, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын артыру, тіл мәдениетін дамыту. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Облыстық байқауға Бурабай ауданынан Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 -сынып оқушысы Васильева Малика Александровна қатысып, жүлделі 1 орынды жеңіп алып, диплом ,сыйлық және сертификатпен марапатталды. Байқауға дайындап қосқан жетекшісі Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оспанова Гулбахыт Сагинтаевнаға алғыс білдіреміз.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!

    

Просмотров: 108


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст