«Арман» Орталығы бірнеше жыл қатарынан көшелер мен жолда жүру қауіпсіздігін насихаттауға мектеп оқушыларын тарту жұмысын жүргізіп келеді.
2005 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған резолюциясына сәйкес, қараша айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осыған байланысты, 2019 жылғы 15 қараша күні «Арман» Орталығында осы атаулы күн аясында акция болып өтті. Іс-шара барысында қаза тапқандар мен жапа шеккендерді еске алып, өзі мен бөтеннің өмірін сақтауға шақырды.
Акцияға Орталықтың қызметкерлері мен шәкірттері ғана емес, сонымен қатар «Отан» автомектебінің директоры В.П. Рыбальченко, аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры В.П. Семкин қатысты. Соңғы кездегі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер туралы мұңды ақпаратты жеткізіп, қатысушыларды жолда жүру ережесін сақтауға шақырды.
Іс-шараның соңында «Арман» Орталығының қызметкерлеріне жолда жүру ережесін сақтай отырып, автокөлікті мәнермен жүргізуге ұсыныс жасалды.
Біз «Арман» Орталығының барлық қызметкерлері мен қонақтарына, акцияға қатысушыларға осындай маңызды іс-шараны өткізуге атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз.