Ақмола облысы дзюдо федерациясы «Арман» орталығындағы қазақ күрес секциясына «Шеберлік сабағын» көрсетті.Ашылу салтанатын Арман орталығының қосымша білім беру педагогы Досмагамбетов Арман Кәрібайұлы ашылу салтанатын жүргізді.
Дзюдо Федерациясының директоры Капаров Ерсана Түрленұлы сөз сөйлеп, жас ұрпаққа үлкен спортта сәттілік тілей отырып ҚРнамысың әлемдік додада қорғаған дзюдошыларымызды таңыстыра кетті.Ерсана Түрленұлы «Шеберлік сабақ»барсында Республикалық жарыстарда табысты өңер көрсетіп жүрген екі шәкіртін таныстырды және дзюдо күресінің әдіс тәсілдерін көрсетті. «Шеберлік сабағының » соныңа қарай Елдос Сметовтың спорттағы жетістігі туралы видео көрсетілді. «Арман»МТОТЖО әкімшілігі Ерсана Түрленұлына алғыс хат табыстады.Осы іс-шара Щучье қаласының жас балуандарына үлкен әсер берді деген ойдамыз.Болашақта дзюдодан ҚР намысын қорғайтын, еліміздің көк байрағын желбірететін жас ұрпақ өссе деген ойдамыз.Бүгінгі арман ертеңгі ақиқат.
«Арман»МТОТЖО спорт бөлімінің жетекшісі:Әзірбаев Даулет Нұрболатұлы