Ақпанның 8 жұлдызы күні №4 ОМ-де «Би жұлдыздары»атты би кеші өтті. Бұл сайыс денсаулық, яғни өмір салтына байланысты өткізілді.
Сайыстың кереметтігі соншалық тіпті барлық жанкүйерлер орындарынан тұрып, қошеметтеп, жалынды шапалақтарын аяған емес. Байқауға көптеген мектептер қатысты. Ауылдық жерлерден де келіп, өздеріне лайықты орындарын алып кеткендер де болды. Байқауда денсхол, тик – тоник, к – pop, брек дэнс, восточный билер болды. Бұл байқаудың әділ қазылары:
Литвинова Ольга «Paradice dance» студиясының хореографы, Рощина Евгения Александровна «Арман» орталығының хореографы.
Сайыстың қорытындысы бойынша 3 орынға Первомай орта мектебі және Щучинск қаласының №5орта мектебі ілінді.
Ал 2 орынды Савинка негізгі мектебі және Щучинск қаласының №8 мектептері алды. 1 орынды Досова орта мектебі және Щучинск қаласының №1 мектептері алып кетті.
Грант при № 7 мектеп лицейі алып кетті. Барлық қатысқандарға алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.