Текст
«Арман» Орталығында ұжымның Ақмола облысы білім жәнет ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Б.К. Абдрахмановпен кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы талқыланды. Кәсіподақ төрағасы аталған Заңның ұтысды тұстарына тоқталды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының үздік жаңажылдық безендіру бойынша облыстық байқауының қорытындысын жариялады. Бейсенбай Кадырович ұжымның шығармашылық бірлескен жұмысын атап өтті. Ұжымға бірінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық табыс етті.