«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Стартапқа арналған бизнес-идеялар

29.01.2020

2020 жылғы 29 қаңтар күні «Арман» Орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Стартапқа арналған бизнес-идеялар» атты семинар-конференциясы ұйымдастырылды және өткізілді. Іс-шараның мақсаты өмір сүрудің сапасын жетілдіруге бағытталған, оқушылардың әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларына қолдау көрсету, озық білім мен технологияны елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне бағыттау болып табылады.

Семинар-конференцияның қатысушы қонақтары: Есимова Эсмиральда Кабиевна, «Турист» турфирмасының директоры, Громова Наталья Иосифовна, «Глобус» турфирмасының директоры, Гусева Людмила Анатольевна, кәдесыйлар мен балауыздар жасау, жолаушылар тасымалдау бойынша «Гусева Л.А.» ЖК директоры, Махров Николай Николаевич, ағаштан Щучинск-Бурабай курортты аймағына арналған кәдесыйлар жасау бойынша «Махров Н.Н.» ЖК директоры, Клименко Александр Николаевич, Интернет-блогер, Ахметова Сания Дуйсенбаевна, «Бурабай» туризм және демалыс индустриясы Ассоциациясының директоры. Федорова Татьяна Петровна, аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Өз жобаларын қорғағандар:  Жетписова Шынар, Ақылбай а. ОМ, "Менің туған жерім - Ақылбай" атты туристік-экскурсиялық маршрут (квест-ойын), жетекшісі Г.Д. Исенова; Айнұр Кайруллаева, Ақнұр Кайруллаева, Окжетпес  ОМ,  "ЭКО-NIMBUS" жетекшісі А.Б. Джуматаева; Полина Гобузова, Щучинск қ. №4 ОМ,"Ешкілердің шағын фермасы - келешегі бар мал шаруашылығы"  жетекшісі А.А. Қаңтарбаева; Мартынова Ирина, Зеленобор МГ,"Экоағаш: аңыз ба, әлде шындық па?", жетекшісі П.В. Косарева;  Никита  Касьянов, Успено-Юрьевка  ОМ "Ағаштан  сәндік бұйымдарды жасау", жетекшісі К.Н. Горлукович. Мухамеджанова Фрида, ОШЭТЖК «Экополис» («Экосити»), жетекшісі Ильдерякова Т.Ю. Берновская Екатерина, ОШЭТЖК «Eco-friendlytoys» (эко-ойыншықтар), жетекшісі Оспанова А.К.

         Таныстырылым соңында залда отырған тыңдаушылар қонақтар мен қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семинар-конференция жоғары деңгейде өтті. Қонақтар мен қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. 

       

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст