«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүрегін шырақ етіп жандырған қазақтың бас ақыны - Абай»

07.02.2020

«Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында «Жүрегін шырақ етіп жандырған қазақтың бас ақыны - Абай» атты Әдеби-сазды қонақжай кеш өтті. Іс-шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында оқушыларды Абай шығармаларымен, елімізде атқарылып жатқан игі істермен таныстырып, балалардың рухани дүниетанымын кеңейту болып табылады.

Хамзина Гауһар Орынгалиевна – Бурабай ауданының құрметті азаматшасы, Бурабай аудандық мәслихатының депутаты, «Мерей» ОВП директоры.  Касенова Багила Батыргалиевна – Бурабай ауданының құрметті азаматшасы, ардагер ұстаз. Қалиева Салтанат Сағынайқызы  – «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Айсұлу Кабиденқызы Абдугожина – аудандық орталық кітапхана кітапханашысы кештің құрметті қонақтары болды.

Сонымен қатар, Абайдың шығармаларын жанына серік еткен, тереңінен сусындап өсіп келе жатқан оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыды. Абайдың өмірі мен шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды.

Кештің соңында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін Орталықтың музыкалық жетекшілері Б. Алишев пен С. Жетпісбай нақышына келтіре орындады. Ал, «Көзімнің қарасы» әнін залдағы тыңдармандар қосыла шырқады. Іс-шара қонақтар мен тыңдармандардың көңілінен шықты. 

   

 

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст