Жақында ғана «Арман» Орталығының №4 ОМ базасында орналасқан «Жеткіншек» аула клубында сәндік-қолданбалы өнер үйірмесіне қатысушы балаларға арналған халық шебері Нуридат Абдулмажитовна Мусхаджиевамен кезедсу ұйымдастырылды. Нуридат Абдулмажитовна бисермен гүлдер тоқитын шебер. Ол өз өнерімен және тәжірибесімен бөлісті. Бұл күні кейбір қыздар шебердің шығармашылығымен танысқысы келген аналарын да ерте келді. Аула клубының жетекшісі Никитина Н.И. бұл қызықты іс-шараны ашып, гүлдер туралы, олардың ерекше қасиеттері жөнінде әңгімелеп, әсем гүлдер болмаса жер бетінде сұлулықтың да сәні кірмейтінін айтты.
Аула клубының қыздары мен олардың аналары үшін кездесу өте тартымды өтті. Сабақ соңында балалар мен аналар клуб жетекшісі Никитина Н.И. мен құрметті қонаққа алғыстарын білдіріп, аналар мен балалардың бірлескен үйірме сабақтарын жиі ұйымдастыруды сұрады.
«Арман» Орталығының әкімшілігі халық шебері Нуридат Абдулмажитовна Мусхаджиеваға тәжірибесімен бөлісіп, сабақты қызықты өтуге септігін тигізгені үшін алғыс білдіреді. Қолөнерге деген сүйіспеншілік, жаңаны үйренсем деген талпыныс қатысушылардың барлығына серпін берді. Бұл сабақ балалардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз.