Текст
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Ұлық мереке күнінің алдында біздің «Арман» Орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, 14.12.1924 ж.т. Дюсенов Шакир атаны құттықтап қайтты. Ардагер ата соғысқа 1942 жылғы қыркүйек айында аттанады. Жарақатына байланысты 1943 жылғы 22 тамыз күні елге оралады. Оңтүстік-Батыс майданында Ленин орденді 3 гвардиялық мото-механикалық минометшілер батальонында (22 атқыштар полкі, қатардағы жауынгер) фашистерге қарысы күресті. 8 баланы тәрбиелеп өсірді. Бүгінде Жеңіс сарбазының 18 немересі, 21 шөбересі, 1 шөпшегі бар.
Біздің Орталықтың шығармашыл жас ұстаздары ардагерге арнап Жеңіс әндерін шырқады. Сізге бейбіт ашық аспан мен біздің бақытты балалық шағымыз үшін мың алғыс білдіреміз!