Текст
1998 жылғы 20 қаңтардағы Республика Президентінің жарлығымен ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу және тілдерді, түрлі ұлттардың дәстүрлерін білуді кеңейту мақсатында елімізде Қазақстан халқы тілдерінің күні белгіленді.
Бірақ бір күнде, әрине, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ондаған халықтың осы саладағы жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан барлық аймақтарда апталықлар, онкүндіктер, айлықтар, тіл фестивальдары болып тұрады.
Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі көпұлтты республикада аталып өтеді. Халықтар арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейтін фестиваль аясында өнер шеберлерінің концерттері, тіл шеберлігіне байқаулар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар өткізіледі.